Жамбыл облысының өрт сөндірушілері жарылыстың және өрттің алдын алды

0 14

Жалпы өрт сөндірушілердің жұмысы асқан жауапкершілік пен жоғары ерік-жігер күшін, батылдықты талап етеді. Олар әр күн сайын тілсіз жаумен бетпе-бет келіп, айқасын жалғастырады. Олар осылайша адам өмірі мен құнды мүліктерді тілсіз жаудың тырнағынан аман алып қалып, көмекке мұқтаж адамдарға әрдайым жәрдемдесуде.
Әңгімемізге тұздық болсын деген ниетпен төмендегі бірлі-жарымды оқиғалар қатарына тоқталғанды жөн көрдік.
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде 19 сағат 58 минутта Жуалы ауданы, Дүйсебай ауылындағы тұрғын үй аумағында құрғақ шөптің өртенгені жөнінде хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына шұғыл түрде Жуалы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жөнелтіледі. Шақырту орнына келген өрт сөндірушілер жағдайды жедел бағалап, 20 сағат 44 минутта өртті сөндірген. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерінің нәтижесінде өрт жақын орналасқан шабындықтар мен шаруашылық жайларға таралуына жол берілмеді. Үй иесі от жауынгерлеріне алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Бұдан бір күн бұрын Т.Рысқұлов ауданының №10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері қайғылы оқиғаның алдын алды. 18 сағат 32 минутта Алматы-Ташкент тас жолында жүк көлігі тіркемесінің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Т.Рысқұлов ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары аттанады. Өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер қызыл жалын ішінен 3 газ баллонын алып шыққан. Осылайша Республикалық маңызы бар тас жолда жарылыстың алдын алады. Кезекші қарауылдың жұмыла әрекет етуінің нәтижесінде өрт 19 сағат 00 минутта оқшауланып, 19 сағат 15 минутта жойылды

Leave A Reply

Your email address will not be published.