Талас ауданы Тамды ауылының жетпіс жастағы желаяғы Таразға жол тартты. Ардагер марафоншы бұл жолы 100 шақырым межені облыстық «АQ-JOL» газетінің 100 жылдығына арнап отыр
Таңертең жеңіл жүгіріспен Тамды ауылынан шыққан спорт ардагері түскі сағат 15:30-да Баспасөз үйінің алдына жетті. «АQ-JOL» газетінің ұйымы қарияға шапан жауып, құрмет көрсетті