10 мыңға жуық жамбылдық тұрақты табыс таба бастады

30

Биыл аймақта «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асырылатын жобалар арқылы 9 544 адам жұмысқа орналасты.

Сергей Белов Жамбыл об­лы­сының Қордай ауданында жол жөндеуші болып жұмыс істейді. Жалпы, бұл жерде жұ­мыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтылған 108 адам еңбек етеді.

«Мен ұзақ уақыт бойы дұрыс жұмыс таба алмадым. Содан дос­тарым жұмыспен қамту ор­талығына жүгінуге кеңес беріп, онда маусым айында жұ­мыс­сыз ретінде тіркелдім. Бағ­дар­лама бойынша мені жол жөн­деуге жіберіп, тұрақты жалақы тағайындалды», дейді ол.

Облыс әкімдігінің жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­­қар­­масының мәліметі бойын­ша, өңірде жергілікті тұрғын­дар­­дың өмір сүру сапасын жақ­­сар­туға бағытталған 828 жоба жү­зеге асырылуда. Оның ішінде мек­тептер салынып, нысан­­дар­ға ағымдағы және күр­делі жөндеу жұмыстары жүр­гізілуде. Мәселен, Жамбыл ауы­лында 100 орындық мектеп са­лынып жатыр. Жобада жұмыс­пен қамту орталығы арқылы ор­на­ласқан 148 адам жұмыс іс­тейді. Осылайша қажетті іс-қи­мыл аяқ­талғаннан кейін ауыл бала­ларына аудан орталығына оқуға сабылудың қажеті болмайды.

«Облысымызда жүзеге асырылып жатқан жобалардың ең көп саны маңызды әлеуметтік нысандарды қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүр­гізуге бағытталған. Соны­мен қатар Жол картасы арқы­лы біз қазірдің өзінде 9 544 қазақ­­стандыққа жұмыс табуға көмек­тестік», деді Облыстық жұ­мыс­­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бас­қа­р­масының басшысы Жорабек Баубеков.

Бұдан бұрын хабарланған­дай, ағымдағы жылдың 8 айын­да рес­публика бойынша жол картасы аясында барлығы 165 мың жұмыс орны құрылған 6,4 мың жобаны іске асыру басталды. Оның ішінде 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылды. Жалпы, Жол картасы бойынша 255 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сонымен қатар жол картасының жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға арқау болады.

 

Хамит Есаман

egemen.kz
© egemen.kz