7,3 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілді

0 145
2018 жылы ауыл шаруашылығы алқаптарындағы су жүйелері мен каналдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылып, келесі жылы облыстағы 18,0 мың гектар суармалы алқапты қалпына келтіруді жоспарлап отырған механикалық жасақ биылғы жылы бірқатар жұмыстар атқарды.
Мәселен, аталған жасақ арқылы жыл басынан бері ұзындығы 116,7 шақырымды құрайтын 26 су шаруашылығы нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7,3 гектар суармалы алқап қалпына келтірілді. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ұзындығы 71,5 шақырым, суармалы жер көлемі 4,9 мың гектарды құрайтын 14 су шаруашылығы жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, механикалық жасақ 2018-2019 жылдары барлығы 100,8 шақырымды құрайтын коммуналдық меншіктегі 20 канал мен 6 су қоймаларына және 7 жеке шаруашылықтағы каналдарға ағымдағы жөндеу, тазалау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 6,2 мың гектар суармалы алқап қалпына келтіріліп, оған қант қызылшасы, жүгері, бақша, көкөніс сияқты жоғары рентабелді дақылдар егілген болатын.
Тұңғыш Жанұзақов,
облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы
Leave A Reply

Your email address will not be published.