8 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды – Жамбыл облысы

0 3

Жамбылдық полицейлер 8 жыл бұрын жасалған қылмысты ашты

Осыдан сегіз жыл бұрын 2013 жылдың 6 қараша күні Т. Рысқұлов АПБ-на Құлан ауылының 56 жастағы тұрғыны екі белгісіз тұлғаның автокөлікте келе жатып, оған қатысты қарақшылық әрекеттерін жасап, пышақпен дене жарақаттарын салғаны туралы арызданған болатын. «Аталған дерек бойынша ҚК-тің (1997 жылғы басылым) 179-бабы 2-бөлігімен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалған. Ағымдағы жылдың 24 тамызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған қылмысты жасаған Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының 24 және 26 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар екі ай мерзімге қамаққа алынды»,- делінген полиция департаментінің хабарламасында. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, күдіктілер өздері жасаған қылмыстарын толық мойындаған. Ведомство Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын ескертеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.