Әлеуметтік жоба жүзеге асуда

0 51

Бас бостандығынан айыру орнынан босаған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру мақсатында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» атты әлеуметтік жоба жалғасын тапты. Жобаның мақсаты – түзеу мекемесінен босатылған азаматтардың жұмысқа орналасып, олардың қоғамға бейімделуіне жол ашу.

Шараға ЖД-158/5 мекемесінің қызметкерлері бостандыққа бет алған азаматтар қайта қылмыс жасайтын болса, қандай жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Сондай-ақ, Жамбыл аудандық пробация бөлімінің мамандары азаматтарды әлеуметтік ортаға қалыптастыру бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.