Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды

0 5

Метрополитендегі полиция басқармасының мәліметінше, үш жас жігіт Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған. Олар музыка колонкасының көмегімен әуенді қатты қойып, азаматтардың наразылығын тудырған. Кейбір жолаушылар әуеннің кенет қатты ойнайтынын күтпегендіктен, қорыққан. Олардың бірі «Жібек жолы» бекетінде қызмет ететін полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. «Қоғамдық тәртіпті бұзғандар инспектордың заңды талаптарына қарсылық танытты. 19 және 22 жастағы А, К. және А.есімді азаматтардың әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылыққа жатқызылды. Әкімшілік істің материалдары жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», — деді метрополитендегі ПБ бастығының орынбасары Қайрат Жұрынов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.