Альвареске Головкин қарсылас емес

0 4

ESPN телеарнасының сарапшысы Майк Коппинджер екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, Мексика боксының мақтанышы Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин үшінші мәрте жұдырықтасқан жағдайда кімнің жеңіске жететінін айтып берді.

«Бұған дейін өткен екі кездесуде жұрт кім мықты екенін нақты түсінбеді. Егер олар үшінші мәрте шаршы алаңда кездессе, Альварес Головкинді төрешілер шешімімен жеңеді. Біріншіден, мексикалық шаршы алаңға жиі шығып жүр. Геннадий Головкин болса жылына бір ғана мәрте кездесу өткізеді. Екіншіден, қазақ боксшысы келесі жылы қырық жасқа толады. Үшіншіден, Альварес қазір нағыз бабына келді. Билли Джо Сондерс те, Калеб Плант та оның алдында қорғансыздың күйін кешті. Сол себепті де Головкин оған қарсылас емес. Бұл жолы мексикалық анық фаворит болады», дейді ол.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.