Асада әлеуметтік дүкен ашылды

55

Мереке қарсаңында аудан орталығынан әлеуметтік дүкен ашылды. Мұнда азық-түлік тауарларының 12 түрі саудаға шығарылады.
– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әр ауданда әлеуметтік дүкендер тұрғындарға қызмет көрсетуде. Дүкен ашуға ниет білдірген жергілікті кәсіпкер Батырбек Ніпбаевқа жер телімін қарастырып, инфрақұрылымын тартып бердік. Бүгінде «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен келісімшарт жасалды. Алдағы уақытта облыстық тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер алынып, саудаға шығарылады, – дейді ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев.