Асар» жобасымен тағы 2 үйдің кілті табыс етілді

0 10

Жамбыл облысындағы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Тұңғыш Президент күніне орай Мойынқұм ауданының Көкжелек, Айдарлы ауылдарында 2 отбасы баспаналы болды.

Аудан әкімінің орынбасары Жақсыбек Исақовтың айтуынша, өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлының бастамасымен жүргізіліп жатқан жобаның мәні мен мағынасы терең.

Қос үйдің бірінің иесі болған Талғат Достаев барша ауыл тұрғындарына дән риза..

Айдарлы ауылында да әкімдік пен ауыл тұрғындарының көмегімен көп балалы жас отбасы үйлі болды. Мұнда Біржан Бөкенов өз күшімен үйдің іргетасын қалап, қабырғаларын көтеріп қойған. Содан соң ауыл ақсақалдары мен тұрғындар ұжымдасып, ұмыт болған асар дәстүрімен көмек қолдарын созған. Игі шараға ауыл әкімдігі де ат салысыпты.

Айта кетейік, кегізінен асарлатып соғылып жатқан үйлер әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға ауыл тұрғындарының, кәсіпкерлердің демеушілігімен, ақсақалдар мен жастардың және округ әкімінің көмегімен жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.