Асқар Мамин Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты

0 7

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына сапары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. Үкімет басшысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытында болды. Мұнда жыл сайын 60 млн дозаға дейін вакцина шығару жоспарланып отыр. Премьер-Министр BSL-3 стандартындағы субстанциялар өндіретін зауыттың өндірістік қуатын дамыту жобаларымен, сондай-ақ ҒЗИ-дың тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымымен танысты. Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округінің Қайнар ауылында Үкімет басшысына биылғы 26 тамызда оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қираған барлық тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны туралы баяндалды. Премьер-Министр зақымдалған үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.