Ауылда газ болғанымен, ауруханада жоқ

0 62

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің орынбасарлары мен облыс әкімі аппараты басшылығының басын қосып, жиын өткізді. Жақында ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған өңір басшысы берілген тапсырмаларды тағы бір мәрте пысықтап, алға жоспар белгіледі.

Ең алдымен өңір басшысы келе жатқан жылыту маусымына әзірлікті қатаң бақылау керектігіне мән берді. Құрылыс саласында да түйткілді мәселелер бар. Аймақта бос ғимараттар әлі де кәдеге жарамай отыр. Бұған көңілі толмаған Бердібек Сапарбаев тиісті шараларды қолдануды жеделдету керек деді.
Коронавирустың екінші толқынына әзірлік жұмыстары да назардан тыс қалмады.
– Дәрі-дәрмек мәселесіне баса мән беру керек! Жалған ақпарат пен көзбояушылыққа жол берілмейді. Дәріханалар мен қоймаларды тағы бір шолып шығып, жағдайды өз көзімізбен көрген жөн, – деді Бердібек Сапарбаев.
Ауыл шаруашылығы мәселесіне қатысты келер жылға жоспар әзірленуі шарт. Осы ретте аймақ басшысы егіс алқаптарын әртараптандыру қажеттігін ескертті.
Әлеуметтік нысандарды газдандыру қарқыны да Бердібек Сапарбаевтың көңілінен шықпады. Ауылдардың кейбірінде көгілдір отын бар, бірақ мектеп пен ауруханалар газдандырылмаған. Көліктерді де газға көшіру шаралары қолға алынуы тиіс екеніне назар аударылды.
Сондай-ақ жиында жерді тиімді пайдаланбай, оны өзінің де, өзгенің де кәдесіне жарата алмағандармен жұмыс қарқынын арттыру керектігі айтылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.