Ауылдың атымтайы ауруханаға қажетті құрылғыларды алып берді

0 81

Елімізде вирусты инфекцияның таралуына байланысты халықтың денсаулығын ойлап және сақтауға жеке кәсіпкерлерде өз көмектерін көрсетуде.
Бүгін аудандық орталық ауруханасына «Жігер — 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Байбосынов Елікбай 1 дана оттегі концентраторы, 1 дана термометр және 1 дана қан қысымын өлшейтін құралдарды (Пульсооксиметр) табыс етті.
Онымен қоса Тараз қаласында тағы бір ауруханаға осындай оттегі концентраторының 15 данасын табыс еткен.
Қабылдау шарасына аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасарлары Тұрсынкүл Рыстанбаева мен Бота Әбішева қатысты.
Аталмыш мердігер ауданымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Айдарлы ауылында 3 көшеге және Мойынқұм ауылында 13 көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.