Азаматтардың шағымы ескерусіз қалмайды

25
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалында Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Абай Нұржановтың төрағалығымен жиын өтті. Онда Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Серік Әлібеков пен партия облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраймованың есептері тыңдалды.
Алдымен «Мемлекеттік органдардағы әдеп жөніндегі уәкілетті органдардың қызметі туралы» Серік Әлібеков баяндап берді. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілдерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарының сақтау мәселелері бойынша 306 консультативтік көмек көрсетілді, 143 азамат жеке қабылдауларда болып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша 8 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралыпты. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай күйіне мониторинг жүргізу мақстаныда 3144 анонимді сауалнама жүргізіліп, қорытындысы бойынша қажетті шаралар қабылданыпты. Сондай-ақ, әдеп жөніндегі уәкілдерінің жұмыстарының басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама талаптарының сақталуын түсіндіру болып табылады. Ал бұл бағытта 9 айдың қорытындысы бойынша барлығы 259 шара, оның ішінде 124 дәрістер, 4 бейнесюжеттер мен радиоматериалдар, БАҚ беттерінде 47, ал интернет – ресурстарда 84 материал жарияланыпты.
«Nur Otan» партиясының саяси Доктринасы талаптарын іске асыру мақсатында 2020 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында жергілікті тұрғындардан түскен өтініштердің барысын айтып өткен Үміт Ибраймова «Nur Otan» партиясының бүгінгі таңдағы жұмыстарының маңызды және аса жауапты бағытының бірі – қоғамдық қабылдау қызметі болып табылатындығын айтып өтті.
2020 жылдың қаңтар-қазан айларында партияның облыстық және аумақтық филиалдарына барлығы 13094 өтініш түсіп, оның 9014 немесе 69% оң шешімін тапты. Өтініштің қалған 4040-на немесе 31%-на заң аясында түсініктемелер берілді. Ал, 40 өтініш мерзіміне сәйкес қаралу үстінде. (2019 жылдың қаңтар-қазан айында 2709 өтініш түсіп, оның 43%-ы оң шешімін тапқан (1173). Қалған 57%-ына немесе 1536-на заң аясында түсініктеме берілген). Байқасаңыздар, былтырғы жылмен салыстырғанда азаматтардан өтініш 5 есе көп түскен және оң шешімін тапқан өтініштер саны да артқан. Өтініштердің 60 пайызынан астамы партияның облыстық және Тараз қалалық филиалдарына келіп түскен. Қайырылған азаматтардың басым көпшілігі – негізінен Тараз қаласы мен облыс орталығына жақын орналасқан Байзақ, Жамбыл аудандарының тұрғындары. Олардың 81%-ы әйелдер, көп балалы және толық емес отбасынан – 40%, мүмкіндігі шектеулі азаматтар – 8% және зейнеткерлер – 8%. Қалған қайырылғандардың 44 пайызы – әр түрлі санаттағы азаматтар. Сондай-ақ, олардың 57%-ы 30-44 жастағы азаматтар, 27%-ы 45-60 жастағы азаматтар, 9%-ы 60 жастан асқан азаматтар, ал 7%-ы 18-29 жастағы азаматтар.
Есепті мерзімде қоғамдық қабылдаулар бөлмесіне келіп түскен 13094 өтініштің 187-і немесе 1,4 пайызы облыстағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан қаралған. Олардың 61-і немесе 32 пайызы оң шешімін тапса, қалған 126-на немесе 68 пайызына Қазақстан Республикасының заңдары аясында нақты түсініктемелер берілген. Есепті мерзімде облыс, қала, аудан әкімдері мен мемлекеттік мекеме басшылары 102 қабылдау жүргізіп, қабылдауға келген 305 адамның өтініштерін жан-жақты қарап, оның 73-і немесе 24 пайызы оң шешімін тапқан.
Одан басқа, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақы жүйесін түсіндіру, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын жүзеге асыру, «Жетім көрсең – жебей жүр» тақырыптарда арнайы 35 қоғамдық қабылдаулар өткізіліп, 105 өтініш қаралған. Бұл өтініштердің 34-і немесе 32 пайызы оң шешімге ие болды. Есепті мерзімде шалғай елді мекен тұрғындарына ыңғайлы әрі қолжетімді заманауи технологияларды пайдалану арқасында Skype — байланысы арқылы 23 қабылдау өткізіліп, 47 өтінішті қарауды қамтамасыз етті. Оның ішінде, Орталық мемлекеттік орган басшылары мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының бейнеконференц-байланысы арқылы 5 қабылдауы ұйымдастырылып, 11 азаматтың өтініштері қаралған.
«Әділет кеңес береді», «Бизнестің жол картасы» Республикалық акциялары аясында 12 қоғамдық қабылдау жүргізіліп, 59 өтінішті қарау қамтамасыз етілген. Қабылдаулар барысында барлық қатысушылардың сұрақтарына заңгерлер мен облыстық кәсіпкерлер палатасы және «Даму» АҚ облыстық филиалы мамандарының тарапынан кеңестер мен заң аясында түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары, заңгерлер мен адвокаттар 15 қабылдау жүргізіп, олар қабылдауға келген 47 адамның өтініштерін қарап, оның 11-і немесе 23 пайызы оң шешімін тапқан.
Жалпы, есепті мерзімде жергілікті атқарушы орган басшыларына партия тарапынан жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді қарау турасында заң бұзушылық әрекеттер орын алған жоқ. Бұл жағдайды ашық айтуымыз керек. Тек кейбір жекелеген мәселелер бойынша, атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың 1 қазанында партияның облыстық филиалына Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылының тұрғыны Рашида Абдурашитовна Нуровадан жазбаша өтініш түскен. Өтініште «Ана мен баланы аялау орталығында» медбике болып қызмет ететіні, 2020 жылдың 17 наурызынан бастап, аталған орталық карантиндік стационар ретінде жұмыс жасағаны, 15 маусымнан бастап ол жерде коронавируске шалдыққан науқастар жатып емделгенін, сондай-ақ, 30 тамыз күні науқастарды емдеп жүріп, өзінен талдаулар барысында аталған дерт анықталғанын баяндаған. Бірақ, сол уақыттан бері коронавирус ауруына шалдыққан азаматтарға тағайындалатын 2 млн. теңгені ала алмай, әуре-сарсаңға ұшыраған. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына жазған өтініші де қараусыз қалған. Тек 2 қазан күні партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі тарапынан басқармаға хат жолданып, өтінішті шұғыл түрде жіті зерделеп, заң аясында қарастырылуы талап етілгеннен кейін, басқарма тарапынан комиссия құрылып, өтініш иесі Р.Нуроваға 15 қазан күні аталған қаражат аударылған. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылдың 21 тамызында «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Партия проблемаларды нақты шешу жолдарын ұсынып, тиімді жұмыс істеуі керек, сонда беделіміз де артады, халық та қолдайды. Экономика мен саяси даму бағытында көшбасшы атанған елдердің тәжірибесінен сабақ алғанымыз жөн» деген болатын. бұл ұсотаным халықпен етене жұмыс жасауда жадымыздан шықпауы керек.