Б. Сапарбаев қаңтар оқиғасынан қайтыс болғандардың рухына құран бағыштау рәсіміне қатысты

0 13

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне барып, қаңтар оқиғалары кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштау рәсіміне қатысты.

Бұған дейін аймақ басшысы орталық мешітте ірі қара малды құрбандыққа шалып, мұқтаж жандарға арналған дастархан жайылған болатын.

Жиналғандар елімізде енді мұндай келеңсіздіктердің орын алмауын, тыныштық, бейбітшілік болуын тілеп, дұға етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.