Б. Сапарбаев Қордай ауданындағы биофармацевтика зауытының қызметкерлерімен кездесті

0 7

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барып,  иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытта және бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдады.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария қазіргі ахуал мен вакциналарды өндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Облыс әкімі зауыттағы өндірістік цехтың құрылысымен де танысты.

Бұдан соң Бердібек Сапарбаев дене шынықтыру  сауықтыру кешенініңде институт қызметкерлерімен кездесті.

— Биыл еліміз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Үш онжылдықта мемлекетіміз үлкен жетістіктерге жете білді.  60 жылдан астам тарихы бар биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты үшінбұл жылдар айрықша маңызды кезең ретінде есте қалды. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында бүкіл әлемге біздің ғалымдарымыздың ғылыми әзірлемелері шетелдіктерден кем түспейтінің дәлелдедік. Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин облысқа жұмыс сапарлары барысында да атап өтті. Коронавирусқа қарсы күреске және халықтың денсаулығын нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға тағы да алғысымды білдіргім келеді. Жергілікті билік ғалымдарға қашанда жан — жақты қолдау көрсететін болады, — деп сендірді облыс әкімі.

Күнсұлу Закарья қызметкерлер мемлекет қамқорлығын сезініп отырғандығын баса айтты.

— Облыс әкімі алғашқы күннен бастап зауыт құрылысының барысын жеке өзі бақылап отырды, соның арқасында барлық проблемалық мәселелер жедел шешілді. Біздіңғалымдар үшін қысқа мерзімде тұрғын үйлер,дене шынықтыру-сауықтыру кешендерісалынды. Мемлекет басшысы мен облысбасшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтамыз, — деді ол.

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев институттың 11 қызметкеріне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгілерін, «Халық алқысы» медальдарын, облыс әкімінің Құрметграмоталарын табыс етті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы аудан әкімінің міндетін атқарушы Бағдат Болатбековтыңаумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуыбойынша есебін тыңдады. Бердібек Сапарбаев даму қарқынын төмендетпей, жылды жақсы көрсеткіштермен қорытынылауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.