Байқоңырлық бас дәрігер өзіне 2,5 млн теңге сыйақы тағайындаған

0 11

Байқоңыр қаласында көпсалалы аурухананың бас дәрігеріне қатысты тергеу жүргізілуде.

«Тергеу барысында 2020 жылдың желтоқсанында Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасының бас дәрігері өзінің лауазымдық жағдайын асыра пайдаланған. Ол осы медициналық мекемеге тиесілі 2 млн 500 мың теңгеден астам қаражатты өзіне сыйақы ретінде тағайындап, ақша жымқырғаны анықталды», деп хабарлады «Байқоңыр» кешенінің прокуратурасы.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жасалған әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға және «Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасы» МКК келтірілген материалдық залалды өтеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық істі тергеу барысы прокуратураның бақылауына алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.