Байзақта жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

0 182

Байзақ ауданында «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды.

Мұнда жастарға бірнеше бағытта қызмет көрсетілетін болады.

Атап айтар болсақ, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында жастар Egov.kz сайты арқылы өзінің қажетті құжаттарын, ЭЦҚ ашу және электронды анықтамаларды алуларына болады. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020», «Серпін – 2050», «Дипломмен – ауылға» бағдарламалары туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік бар. Орталық дүйсенбі – жұма күндері, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Мұхтар Козбаев,

Байзақ ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.