Байзақтағы жарылыстан қаза тапқан әскерилердің құрметіне тақтайша қойылды

0 40

2022 жылдың 26 тамызында Тараз қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында батырларға арналған ескерткіштің жанында еске алу шарасы өтті.

Іс-шараға осыдан бір жыл бұрын қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары мен жақындары, әріптестері, Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Іс-шара барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербисов және Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров және Жамбыл облысы ТЖД бастығы Ермек Момбаев сөз сөйледі. Сөз сөйлегендер өрт сөндірушілердің өз борыштарын өтеу арқылы қаза тапқандарын атап өтті.

Әрбір өрт сөндіруші-құтқарушыға адамдардың өмірі мен олардың мүлкін сақтау үшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Кейде олар шайқас алаңында мәңгі қалады. Бұл батырлардың есімдері халық жадында мәңгі сақталады.

Шараға жиналғандар одан әрі қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, барлығы ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жиын соңында шараға қатысушылар марқұмдардың әруағына арнайы ұйымдастырылған дастархан басынан табылды.

Дәл осындай батырларға тағзым ету шарасы Қазақстанның басқа облыстарында да жүзеге асырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.