Байзақтағы жарылыстан қираған мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

0 13

Өткен жылдың тамыз айының соңында Байзақ ауданында болған жарылыс салдарынан №5 ескі мектептің ғимараты мүлде жарамсыз күйге түскен болатын. Оның орнына 150 орындық жаңа мектеп небәрі 4 айда пайдалануға берілді. «Барынша қысқа мерзімде осындай жайлы, сапалы ғимарат салып берген құрылысшыларға рахметімізді айтамыз. Мұның бәрі оқушылардың игілігіне арналады. Балалар – біздің болашағымыз десек, олардың тәрбиелі, білімді, озық ойлы болып өсуі маңызды. Енді мұндағы ауыл балалары мемлекет жасап отырған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, биіктен көрінуге күш салуы керек»,-деді облыс әкімі. Ауыл тұрғыны, қария Бейсен Жүргенбаев 4-ақ айдың ішінде жаңа мектеп салып берген мемлекет, облыс басшылығына ризашылығын жеткізді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.