БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

0 35

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар легі Таразда әр  аумақта өтуде. Мәселен, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нияз Қанатұлы Рыспаев бұл күні арнайы уақыт бөліп, Тараз қаласындағы Қабылбек Сармолдаев атындағы №1 балалар үйіне барды. Мұндағы тәрбиеленушілерді бүгінгі мерекемен құттықтап, бақытты балалық шақ, кемел келешек тіледі.  Сондай-ақ, велотренажерға және балалардың шынығуына арналған  алты турникке сертификат табыс етті. Аталған балалар үйінде 7 топ бар. Соның 1 тобын өз қамқорлығына алды. Әлбетте, бүлдіршіндер мерекесі тәтті тағамдарсыз өткен бе? Мұнда құр қол келмеген мекеме бастығы тіл үйірер тәттісі мен дәмді тағамдарды  да үлестірді. Бүгінгі мереке иелері өздерін назардан тыс қалдырмай, құттықтап келген қамқор жанға өз алғыстарын жеткізіп, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен бірге балалар  келген қонақтарға  ән мен жырдан шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.