Балаларға реабилитациялық көмек — қашан да қолжетімді ​

0 18

​Соңғы жылдары ағзаның жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және мүгедектіктің алдын алуға бағытталған медициналық оңалту түрлері белсенді дамуда.
​Оңалту көмегін қажет ететін кез-келген аурулардың ерекшелігі-емнің мүмкіндігінше ерте басталуында және тұрақты негізде жүргізілуінде.
​Көбінесе, ата-аналар ақпараттың аз болуына қарай, оңалтудың қолжетімсіздігіне тап болады. Көбісі, неден бастау керектігін және ерекше қажеттіліктері бар баланың дамуы мен емделуі үшін оған қалай көмектесуге болатындығын түсінбейді.
​Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған “Балалар жылында” ерте араласу орталығын құру — денсаулық сақтаудың ең маңызды үлесі болмақ.
​Облыс орталығында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығын құру жоспарланған, оның негізгі мақсаты — оңалтуды уақтылы бастау үшін қымбат уақытын жоғалтпай, балалардағы ерте мүгедектіктің алдын- алу және уақтылы кешенді дер кезінде емделу болады.
​Кешенді медициналық оңалту туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі нейро-ортопедиялық ауытқулары бар балалар үшін қолжетімді болады.
​Баланың осы жас кезеңінде ең қуатты оңалту әлеуеті байқалады және уақтылы көмек — мүгедектікке жол бермеу мүмкіндігін арттырады, ең бастысы — аяққа тұрып, өздігінен мектепке бару.
​Ерте араласу орталығында дамудағы артта қалушылық пен бұзылуларды неғұрлым ерте анықтау, кешенді оңалту көмегі, отбасыларға ақпараттық және эмоциялық қолдау, баланың даму деңгейін жүйелі бағалау, ата-аналардың балаға күтім жасауды және оның оңтайлы дамуын қамтамасыз ету бойынша дағдыларын дамыту мүмкін болмақшы.
​Балаларды оңалту тегін негізде қамтамасыз етіліп, оған мұқтаждар көп қамтылмақшы (900 оқушы), қайта курстар өткізу мүмкіндігі де бар.
​Ерте араласу орталығы 2200 ш.м. астам алаңға, жергілікті бюджет қаражаты есебінен реконструкциялау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін орналасады.
​»Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры есебінен 124 626 129 теңге сомасына базалық заманауи оңалту жабдығы мен қосымша жабдықты жеткізу жоспары алда тұр.
​ Оңалтудың табысты нәтижесінде негізгі рөл — мамандарды кадрлық даярлауға тиесілі.
​»Қамқорлық» жобасының талаптары шеңберінде тиімділігі дәлелденген әдістемелерге тұрақты оқытудан өтетін мамандардың (дефектолог, логопед, невропатолог, реабилитолог, психолог, ортопед, терапевт, педиатр) мультидисциплинарлық командасы құрылды.
​Осылайша, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы базасында “Заманауи ерте араласу орталығын” іске қосу — кезектілікті ұзақ күтпей және басқа өңірлерге шығу қажеттілігінсіз және қаржылық шығындарсыз балаларды ерте оңалту үшін қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.