Бас мүфти «Әулие ата» мешітінде болды

58

Жамбыл облысына келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бір ғасырлық тарихы бар «Әулие ата» мешітін зиярат етті. Тарихи мешіттің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, Алла үйінің құрылысы жайлы толық хабардар болды.

Шараға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, ҚМДБ Шариғат және пәтуә бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, сондай-ақ, қала мешіттері мен облыстық мешіттің имамдары қатысты. Көне мешітте Құран оқылып, дұғасы дүниеден өткен мұсылмандарға бағышталды.

Айта кетейік, көне мешіттің алдында аллея орналасқан. Мешітке жаңа ғимараттар қосылып, дәретхана орны да ауыстырылыпты.

Облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жоспар бойынша жасалып жатқан жұмыстар легін баяндап, туристердің ең көп келетін жерінде орналасқан ғимараттың маңыздылығы жайлы тілге тиек етті. Сондай-ақ тағы бір маңызды тұсы 1907 салынған мешіттің көне сән үлгісі сақталып қалған. Реставрация жұмыстары келер жылы толығымен аяқталады.

Бас мүфти өз кезегінде құлшылық ордасына көмектесіп жатқан азаматтарға ризашылығын жеткізді.

 

muftyat.kz