Белгілі журналист Мұса Рахманбердиев атындағы бильярд турнирі өтті

0 33
  • 🔹 Белгілі журналист Мұса Рахманбердиев атындағы бильярд турнирі өтті. Аймақ айнасы Жамбыл телеарнасының ұйытқы болуымен және Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен турнирге отызға жуық үміткер қатысты.Ойынды тиімді ұйымдастыру үшін жастар жағы мен аға буын өкілдері болып екіге бөлінді. Жеңімпаздарға турнирдің арнайы кубогі мен бағалы сыйлықтар табысталды. Бұдан бөлек, бірқатар БАҚ өкілдеріне ынталандыру сыйлықтары берілді. Сайыс нәтижесінде 3 орынды Серік Тәжібаев иеленсе, 2 орын Бекет Момынқұлға бұйырды. Ал, финалға дейін ешкімге дес бермеген, Ерғали Қартайған бұл турнирде топ жарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.