Бердібек Сапарбаев жылдың үздік спортшыларын марапаттады

0 15

Жамбыл облысында үздік спортшылар марапатталды. «Жыл үздігі – 2021» спорттық номинацияларды тапсыру салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Аймақ басшысы өңірдегі жетістіктерге, атқарылып жатқан ауықымды жұмыстарғақысқаша тоқталып өтті.

— Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде спортшылар талай белестерді бағындырды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап спортқа айрықша көңіл бөлді. Соның нәтижесінде, түрлі әлемдік додаларда, Олимпиада ойындарында көк туымыз биіктен желбіреп, сан мәрте Әнұранымыз шырқалды. Қазақ спортының әлеуеті арта түсті.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен саланы дамыту ісі жүйелі жалғасуда.

Жамбыл жерінің спортшылары да қашан да дүбірлі жарыстарда жоғары жетістіктерге жетіп, Әлем, Азия чемпионаттары мен Олимпиадалық ойындарда Қазақ елінің атын төрткүл дүниеге паш етіп келеді.

30 жылда Жамбыл облысы Олимпиада ойындарында 10 медаль иеленген.

Ағымдағы жылы облыс споршылары түрлі республикалық және халықаралық сайыстарда 1914 медаль жеңіп алса, оның ішінде 741 алтын, 562 күміс, 611 қола бар. Бүгінгі таңда 1121 спортшы түрлі дейгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше.

Біз әрдайым Олимпиада ойындарының жүлдегері Жақсылық Үшкемпіров, Ақжүрек Таңатаров,  Ермахан Ыбраймов, Болат Жұмаділов, Бақтияр Артаев, Елдос Сметов, Ислам Байрамуковтар мен параолимпиада ойындарының жүлдегерлері Зульфия Габидуллина, Нұрдәулет Жұмағали секілді спортшыларымызбен және «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев пен кәсіпқой бокс аренасында табысты өнер көрсетіп жүрген Феруза Шариповалармен мақтанамыз.Осындай жүректі және білікті жастарымыздың саны арта берсін,-деген Бердібек Сапарбаев жергілкті биліктің басты мақсаты – спортпен айналысушылар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасау екенін атап өтті.

 Ауыл спортын қолдап, дамыту керекпіз. Нағыз таланттар ауылда жүр, тек оларға спортпен барынша шұғылдануы үшін жағдай жасап, аудандық, облыстық жарыстардан іріктеу қажет. Жамбыл бокс мектебінің данқын қайта жаңғыртатын жас боксшыларды дайыдап, шығаруға тиіспіз,-деді облыс әкімі.

Бұдан соң «Жыл үздігі – 2021»номинациялары табысталдыПаралимпиадалық спорт түрі бойынша «Үздік спортшы – 2021» номинациясымен марапатталған Токио Паралимпидасының жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиға жаңа автокөліктің кілті табысталды.

Сондай-ақ, «Үздік спорттық команда – 2021» номинациясымен «Тараз» волейбол клубы,«Үздік спорт клубы – 2021» номинациясыменҰлттық спорт түрлерінің «Әулие-ата» клубы«Үздік федерация – 2021» номинациясы«Жамбыл облыстық бодибильдинг және фитнес» федерациясыОлимпиадалық спорт түрі бойынша «Үздік спортшы – 2021» номинациясымен дзюдошы Елдос Сметов, Олимпиадалық емес спорт түрі бойынша «Үздік спортшы – 2021» номинациясыДінмұхамед Баймұратов, Ұлттық спорт түрі бойынша «Үздік спортшы – 2021» номинациясы  Құрманбек Тұрғанбек,Олимпиадалық және Олимпиадалық емесспорт түрлері бойынша «Үздік жаттықтырушы – 2021» номинациясымен ҒалымжанЖылгелдиев және Нұрғали Наурызбаев, ал Ұлттық спорт түрі бойынша «Үздік жаттықтырушы – 2021» номинациясыменЕсжан Құрманбай және тағы басқалар марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.