Білікті бапкер Көпбосын Сыдығалиевтың атындағы бокс залы ашылды

0 7
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, білікті бапкер Көпбосын Сыдығалиевтың құрметіне бапкердің өзі туып-өскен әрі алғашқы еңбек жолының бастауы болған Жаңаталап ауылындағы №26 Жаңаталап орта мектебінің қабырғасынан Көпбосын Сыдығалиев атындағы бокс залы ашылды. Аталған бокс залын жабдықтауға ауыл азаматтарымен бірге, досы Сейсен Айхожаев пен оның ұлы Ұлан Сейсенұлы демеушілік жасаған екен.
Аптаның сәрсенбісі күні Жаңаталап орта мектебінде К.Сыдығалиев атындағы бокс залының салтанатты ашылуы болды. Аталған шараға білікті бапкердің отбасы мүшелері және аға-жеңгелері мен әпке, іні-бауырлары, жалпы спорттағы үзеңгілес достары мен шәкірттері жиналды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.