Білім нысандарында құрылыс қарқынды

0 47

Облыс әкімдігі білім басқармасының мәліметінше, облысымызда 5 апатты, 9 үш ауысымды, 8 орын тапшылығы бар мектептер бар. Ағымдағы жылы 21 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында Жамбыл ауданының Түрксіб ауылында 300 орындық 1 мектеп пайдалануға берілмекші.

Ал, 7 мектептің және 3 мектепке қосымша ғимарат құрылыстары жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болады.

Яғни, жыл соңына дейін апатты жағдайдағы 3 мектептің, үш ауысымда жұмыс істейтін 1 мектептің, орын тапшылығы бар 3 мектептің, тозығы жеткен 2 мектептің мәселесі шешіледі.

Қалған 2 апатты, 8 үш ауысымды, 5 орын тапшылығы бар мектептердің мәселелері 2021-2022 жылдары кезең-кезеңімен шешіледі.

Бұдан басқа Тараз қаласынан 4 жаңа мектептің құрылысы басталды.

Сонымен қатар, облыс бойынша 42 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Байзақ, Жуалы аудандарында 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан 32 мектептің құрылысы 30 тамызда, 6 мектепте келісім-шартқа сәйкес 30 қыркүйекте аяқталады.

Ал, 53 мектеп ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары 15 тамызға дейін жасалып бітеді деген сенім бар. Облыстағы 285 мектептің санитарлық тораптарын ғимарат ішіне кіргізу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні 153 мектептің санитарлық тораптарын ғимарат ішіне кіргізу жұмыстары аяқталған. Қалған 132 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

Қамар Қарасаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.