Бұл жұмыстар келесі жылы да өз жалғасын табады. Жалпы аймақта 1 690 пайдаланушы орман ресурстарын пайдаланды. Олар жергілікті бюджетке 51,7 млн. теңге қаражат аударды.
Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жарылқасын Айтақов ӨКҚ баспасөз брифингінде «Меркі» мемлекеттік өңірлік парк құрудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы жасалғанын да айтты. Мемлекеттік сараптамадан өткен құжат аясында жерді резервілеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарының таулы аумақтарында ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылмақ.