Болашақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу

0 10

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде облыстық ҚАЖ департаменті бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың бастамасымен құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасуға талап-ниеті бар үміткерлермен кездесу өтті. Департамент бастығының орынбасары Бекболат Ескеевтің төрағалығымен өткен жиын барысында үміткерлерге құқық қорғау органының қызметкерлерімен танысып, олармен сұхбат жүргізілді.

Бекболат Бөгембайұлы өз сөзінде кездесудің мақсаты мен маңыздылығы жөнінде баяндап, бүгінгі қоғамдағы ең басты — мәселе Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматты мемлекет тарапынан құқығын қорғау және сақтау заң қызметкерлерінің абыройлы міндет болып саналатынын жеткізді.

Жиын барысында сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Құқық қорғау органы туралы заңы мен Әдеп Кодексі жөнінде кеңінен түсініктеме берілді. Кездесу соңында үміткерлер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толыққанды әрі нақты жауап берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.