Бүгін — халықаралық темекіден бас тарту күні

0 7

Шылым шегуден бас тартудың халықаралық күні қараша айының үшінші бейсенбісінде атап өтіледі

Оны 1977 жылы Америкалық онкология қоғамы бекіткен. Мақсаты — темекі шегудің таралуын азайту, халыққа адам денсаулығына темекінің зияны туралы ақпарат беру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, темекі шегудың нәтижесінде пайда болған аурулардан жыл сайын жер бетінде шамамен 7 млн тұрғын қайтыс болады. Қазақстанда 15 және одан жоғары жастағы темекі шегушілер шамамен 1/3 бөлігін құрайды. Егер бұл зиянды әдет ер адамдарға тән деп есептелген болса, соңғы уақытта әйелдер арасында темекі шегудің таралу әдеті байқалуда. «Темекі түтіні тыныс алу жолдары, жүрек-қантамыр, ас қорыту және орталық нерв жүйесінің ағзалары ауруларының дамуына әсер ететіндігі белгілі. Темекі шегушілерді «домен пешпен» салыстырады, себебі темекінің қызу температурасы 10 мың градус, ал жану температурасы 3 мың градус. Бұл бронхының қорғаныш жыбырлақ эпителиясының күюіне әкеледі. Коронавирус инфекциясының пандемиясы кезінде бұл одан да үлкен қауіп төндіреді және зақымданған жағдайда ауыру ағымының ауырлығына әсер етеді», — дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарының терапевт дәрігері Гауһар Қожакеева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.