Бүйрегінде ақауы бар 22 жасар азаматқа 56 жасар анасы донор болды

0 5

Таразда 22 жастағы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауыратын пациентке, 56 жастағы анасының сау бүйрегі салынды.

Нұр-Сұлтан қаласынан келген трансплантологтың қатысуымен қалалық көпбейінді ауруханасының хирургтары мен урологтары 5 сағат ішінде ота жасап, оны сәтті өткізіп шықты.

Қазіргі таңда ота жасалған науқастың жағдайы жақсы. Бүгін үйіне шығарылды. Айта кетейік, облыста әлі бүйрегін ауыстыруды қажет ететін дәл осындай 103 науқас бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.