Демалыс орындары көбеюде

0 84

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» дей келе туған жердің мәні мен маңызына айрықша тоқталған болатын.
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» демекші, қай жерде жүрмесін әр адамның туған жері ерекше ыстық болады.
Осы орайда Сарысу ауданында сөзден іске жобасы аясында демеушілер есебінен Жаңатас қаласының Әулие ата көшесінің бойына қала қонақтары мен тұрғындары демалатын аллея бой көтерді.
Аудан жастары, жалпы ауыл тұрғындары жаңа аллеяны алдағы уақытта күтіп-баптау ісінде қалыс қалмаймыз деп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.