ЕЭО-тың Қазақстанның экономикасына ешқандай тиімділігі жоқ

0 7

Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстанның экономикасына ешқандай тиімділігі жоқ. Қазақстан бұдан тек қана шығын көріп отыр. Егер дәл осылай жалғаса беретін болса,алдағы бір 5 жылдықта Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келеді деді-экономист Мақсат Халық, Jambyl Info тілшісіне берген cұхбатында.

«Бұл одақтан жалпы бас тартып шығу керек деген позицияны ұстаймын.Евразиялық экономикалық одақтың Қазақстанның экономикасына ешқандай тиімділігі жоқ. Қазіргі уақытта,тек қана Ресейге ғана экономикалық тиімділік беріп отыр.Ал Қазақстан бұдан тек қана шығын көріп отыр деп айтуға негіз бар.Ол осы одаққа мүше болғалы бері 6 жыл өтті.Міне осы 6 жыл бойы біз тек қана ұтылып келе жатырмыз.Сондықтан еуразиялық экономикалық одақ ол саяси одақ емес екенін ескерген жөн.Ал экономикалық одақ, бізге экономикалық тиімділік беру керек,бермесе онда тоқтату керек,»-деді экономист.
Сондай-ақ, өткен жылғы бір ғана статистиканы айтатын болсақ, еуразиялық экономикалық одақпен,одақ емес жәй Ресеймен сауда қарым-қатынасын алып қарасақ,24 млрд доллар болған. Қомақты қаражат. Бірақ та,бұл жерде біз 6 млрд долларды Ресей тауарына төлейміз. Ал Ресейден салық сатып алып отырғанымыз 18 млрд доллар. Демек,Қазақстанның капитал ағыны Ресейге қарай кетіп жатыр.Егел дәл осылай жалғаса беретін болса,алдағы бір 5 жылдықта Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келмек.Жалпы ол Ұлттық қауіпсіздікке де,Тәуелсіздігімізге де әсер етуі мүмкін.Сондықтан ЕЭО-пен шартты соза берудің ешқандай негізі жоқ.Қазэксид мәселесін көтеріп,экономикалық тиімділіктің жоқ болуына байланысты,біз еуразиялық экономикалық одақтан әрекетімізді,қарым-қатынасымызды тоқтатамыз деген мәселе айтылу керек — деп топшылады Мақсат Халық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.