Экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан жамбылдық 3 жылға сотталды

0

Жамбыл облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан 33 жастағы ер адам ұсталды.

Жамбыл облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында деструктивті діни ағымның жақтаушысын ұстады.

Жалпақтөбе ауылының 33 жастағы тұрғыны экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан. Аталған дерекке қатысты іс материалдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа жолданды.

«Аталған істі сотта қарау барысында күдікті кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.