Елімізде темекі 300-350 теңгеге қымбаттайды.
Бұл туралы Премьер-Министр орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.
Министрдің айтуынша, 2 жылдың ішінде темекі акциздары 35 еуроға дейін көтеріледі.
Осылайша, 1 000 дана сигареттің акцизі, шамамен 16 мың теңге болады.
«Бұл ретте есептеп көрсек, бір қорап темекі үшін 300-350 теңге шығады», — деді Ерұлан Жамаубаев.