Энергетика министрлігі жарық пен отынның жаңа бағасын ұсынып отыр

0 6

Энергетика министрлігі жарық пен отынның жаңа бағасын ұсынып отыр. Бұл құжат 24 маусымға дейін ашық талқыланады. Ішкі нарықтағы сұйытылған газдың шикі бағасы 2022 жылғы 1 шілдесінен 2023 жылдың 30 маусымын қоса алғандағы кезеңде 1 тоннасы үшін 33 600 теңге мөлшерінде бекітілмек. Қазір сұйытылған газ бағасының шекті мөлшері 28 000 теңгені құрайды.

Электр энергиясын өндіруші 26 ұйым шекті тарифті өзгерту бойынша өтінім жасаған. Осыған байланысты 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап бағаның өсуі болжанып отыр. Бірақ нақты сомасы айтылмады.

Сондай-ақ жыл соңына дейін “Богатырь Көмір” ЖШС-да көмір бағасы 30 пайызға өсуі мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.