Ерлан Жүніс – халықаралық сыйлықтың лауреаты

63

Бүгін жерлесіміз, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын, «Egemen Qazaqstan» газеті Әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі Ерлан Жүніс ТМД мемлекеттері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МФГС) «Содружество дебютов» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды.

Бұл сыйлықты ТМД мемлекеттері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры 2008 жылдан бері тағайындап келеді. Әр жылдарда ақын-жазушылар, дәрігерлер, мұғалімдер, ғалымдар, спортшылар, басқа да сала мамандары иеленді. 2019 жыл – ТМД мемлекеттерінде «Кітап жылы» болып жарияланған еді. Осыған орай халықаралық сыйлық Әдебиет саласына беріліп отыр.

egemen.kz