ЕСІЛГЕ ЖАМБЫЛДЫҢ 540 МЫҢ ШАБАҒЫ ЖӨНЕЛТІЛДІ

0 7
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродекова ауылындағы «Сандель» шаруа қожалығы балық өсіріп, табыс тауып отыр. Дильмурат Хусаин-Ахунов төрағалық ететін шаруашылық жылына екі рет республикадағы сұранысқа ие су айдындарына шабақ жөнелтеді. Бұл жолы мұндағы балықшылар Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзеніне 540 мың тұқы тұқымдас шабақ жіберді.
Негізі, сандельдіктер мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейді. Олар өз істеріне әбден төселген.
– Шаруашылықта 18 маман жұмыс істейді. Айлық табыстары көңіл көншітерлік. Жылына мұнда 3 млн ға жуық шабақ өсіріп, еліміздің басқа өңірлеріне және облыстағы су айдындарына жеткіземіз, – деді шаруашылық жетекшісі Д.Хусаин-Ахунов.
Сонымен қатар Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Қанатбек Зауырбектің айтуынша, облыс аумағында балық өсірумен айналысатын 117 шаруашылық болса, Балқаш көлінде 18 су қоймасы мен 17 республикалық мәнге ие учаске бар.
Leave A Reply

Your email address will not be published.