Этномедиация негіздері түсіндірілді

0 8

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының мұрындық болуымен Тараз қаласындағы Достық үйінде «Этносаяси сауат­тылық және этномедиация негіздері» тақырыбында екі күн­дік семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Алматы, Жамбыл және Түркіс­тан облыстары жергілікті полиция органдары, прокуратура өкілдері мен ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Семинарда Ақпарат және қо­ғам­дық даму министрлігі Этносаралық қаты­настарды дамыту комитеті төр­ағасының орынбасары Айбек Жақ­сыбаев, институт директоры Талғат Қа­лиев, сондай-ақ институттың жетек­ші сарапшылары сөз сөйлеп, тәр­тіп сақшылары, прокурорлар мен әкім­дік өкілдерімен бірге этносаяси сауат­тылықты арттыру мәселесі төңірегінде ой бөлісті. Тренинг кезінде ұлтаралық қатынастардың ерекшеліктері мен қақтығыстар туындаған жағдайда ақпаратты қалай беру қажет, ұлтаралық араздықты болдырмаудың жолдары қандай деген сұрақтар талқыланып, нақты кейстерге талдау жасалды.

Этносаяси сауаттылықты арттыру, этносаралық қатынастар сала­сы­ның ерекшеліктерін және оқиғаның қате ин­терпретациясының салдары жан-жақты түсіндірілген басқосу бары­сында «Конфликтология және этномедиацияның негіздері», «Ақпа­раттық және медиалық сауатты­лық. Ақпа­раттық кеңістіктегі этносара­лық қаты­настар», «Қазақстанның этностық топтары арасындағы өзара қарым-қа­ты­настың әлеуметтік-пси­хологиялық ерек­шеліктері. Жан­жалдың ақпараттық компоненті. Алауыздық тілі. Жанжалдың декла­ративті кезеңіндегі бейнорматив­ті этнонимдері», «Қоғамдық риторика дағ­дылары» тақырыптарына арналған дә­рістер топтамасы ұсынылды.

Семинар соңында қатысушыларға алған білімдері мен дағдыларын бекіту үшін Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының сарапшылары тәжі­рибелік сабақтар өткізіп, білікті мамандар құқық қорғау органдары мен ішкі саясат бөлімдерінің өкілдеріне этномедиация дағдыларын үйретуге бағыт­талған тренингтер ұйымдастырды. Институт мамандары мұндай семинарларды алдағы уақытта еліміздің басқа да өңірлерінде өткізуді жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.