Ғазиз Байтасовқа арналған ескерткіштің іргетасы қаланды

0

3 сәуір күні аты аңызға айналған полиция капитаны Ғазиз Байтасов 50 жасқа толар еді. Ержүрек полицейдің есімі ел жадында мәңгіге сақталады.

Бүгінде өзі оқыған мектеп, облыс орталығындағы көше батырдың атымен аталады. Полиция департаментінің алдына Ғазиз Байтасовтың бюсті орнатылған. Жыл сайын полиция капитанының туған күнінде және өз басын құрбан ете отырып, қауіпті террористті тоқтатқан күнінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері түрлі еске алу шараларын өткізіп келеді.

Алдағы сәуір айының басында облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағында полиция департаментінің бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен Халық Хаһарманына ескерткіш орнатылмақ. Күні кеше ескерткіштің іргетасы қаланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.