Халық қалаулылары марапатталды

21

Облыстық мәслихаттың бірқатар депутаты ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.
Облыс әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуда облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов облыстың дамуына үлес қосқан депутаттарға халық қалаулыларына марапаттарын табыстап, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.
Белсенді депутаттық және қоғамдық қызметі, сондай-ақ өңірдің саяси әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін облыстың бірқатар азаматтары Қазақстан Республикасы Сенатының Құрмет грамотасымен Алтай Райқұлов, Бақытжан Сейткәрімов пен Қалыш Молдажанов марапатталды. Сонымен бірге Мұқаш Ескендіров, Масат Берік, Махамбет Дүйсембаев, Әлімбек Жұмабаев, Абай Нұржанов, Ерболат Саурықов, Гулам Умаров, Асаубай Майлыбаев, Арман Еділбаев, Бақыт Сауранбаевқа Қазақстан Республикасы Сенаты төрағасының Алғыс хаты табысталды.

Айжан Өзбекова