Халықпен кері байланыс – басты назарда

Feedback.
0 8

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысы әкімі аппаратында өтініштерді қарауды бақылау бөлімі құрылды.

Осы мақсатта бөлімнің аталуы мен бөлімге жүктелген бақылау функция­ла­рын ескере отырып, мемлекеттік орган­дар­дың жұмыс сапасын жақсартып, арт­тыру шаралары қабылданды. Бөлім басқармалар мен қала және аудан әкімдіктерді өтініш иелерімен жұмыс істеу тәсілдерін жетіл­ді­руге ынталандырды. Өтініш берушінің жоғары тұрған органға хабарласуын күт­пей, тиісті жұмыстың сапасын өз дең­гейінде қамтамасыз ету әлдеқайда нә­ти­желі болатындығына көздері жетті. Бөлім жұмысының басты нәти­же­лерінің бірі осы.

Өтініш берушінің көзқарасы тұрғы­сы­нан оның үніне құлақ асу дегеніміз – өз сұрақтарына мемлекет тарапынан қанағаттандырарлық жауап алуды немесе көтерілген мәселені қалай шешуге бо­латындығы туралы қол жетімді және ұғы­нықты мәлімет алуды білдіреді.

Ағымдағы жылдың 9 айында Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 51 077 өтініш түскен.

Оның ішінде облыс әкімі аппаратына – 4033, облыс әкімдігінің басқармаларына – 6272, Тараз қаласы мен аудандар әкімдіктеріне – 40772.

Барлық өтініштерге мерзімінде сапалы жауаптары берілген.

Есепті аралықта Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының әкімінде, оның орынбасарларында және аппарат басшысында 3287 азамат қабылдауда болып, олардың барлығына қолданыстағы заңдардың аясында мәселеелрі шешіліп, түсініктері берілген.

Облыс тұрғындарын толғандырып отырған мәселелер қатарына – халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, оның ішінде, пәтер және тұрғын үй алу туралы – 10,1%, коммуналдық қызмет көрсету – 9,5%, материалдық көмек көрсету – 15,1% және басқа да мәселелер – 65,3% құрайды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2021 жылдың        1 шілдесінен бастап күшіне енді.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі енгізіліп, Жамбыл облысында бүгінгі күні «Е-өтініш» жүйесіне 1358 ұйым қосылды (облыс әкімдігі-1, облыстық мәслихат — 1, бақ. комиссия -1, қала. әкімдік-1, қалалық мәслихат-1, аудан. әкімдіктер-10, аудан. мәслихаттар-10, ауылдық округтер-156, басқармалар — 26, бөлімдер-136, бағынышты ұйымдары — 47, ХҚКО-13, Медициналық және білім беру мекемелері-955).

— облыс деңгейінде 73 (облыс әкімдігі-1, басқармалар-26, тексеру комиссиясы — 1, облыстық мәслихат — 1, қалалық, аудандық білім бөлімдері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы — 11, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қалалық, аудандық мемлекеттік мұрағаттары-12, бағынышты ұйымдары -21);

— қала деңгейінде 174 (қала / аудан. әкімдіктер-11, қала/аудан. мәслихаттар-11, бөлімдер-125, қалалық басқармалар. орг.-14, ХҚКО-13);

— ауылдық округтер деңгейінде-156;

— медициналық және білім беру мекемелері (мектептер, емханалар) 955.

Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің жетік бақылауында.

 

 

Расул МЕДЕТОВ,

Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.