Instagram арқылы 40-тан астам адамды алдаған қыз 3,5 жылға сотталды

0 8

Жамбыл облысында Instagram арқылы әйелдер киіміне тапсырыс қабылдап, желі қолданушыларынан 2 млн теңгеден астам ақша алдап алған азаматшаға сот үкім шығарды.

Жыл басынан бері интернет алаяқтарға алданғандардың 1 млрд теңге материалдық шығыны өтелді Семейде көпқабатты үйге лифт орнатамын деп көршілерінен 1 млн теңге жинаған алаяқ ұсталды Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, күдікке ілінген азаматша — 1995 жылы туған Жамбыл облысының тұрғыны.

«Оның оңай ақша табу үшін Instagram арқылы әйелдер киіміне тапсырыс қабылдап, орындамағаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде сатылатын киімдердің каталогын жариялайтын аккаунт ашып, жалған хабарландыру ілген. Оның қолында хабарландыруда көрсетілген тауардың ешбірі болмаған. Сөйте тұрып, тауардың бағасын 100 пайыз көлемінде алдын ала төлем қабылдап, курьер арқылы жолдауға уәде берген. Курьерлік қызмет тапсырысты бір аптаның ішінде жеткізетінін пайдаланып, бірнеше күн бойы алаяқтығын еш кедергісіз жалғастырып келген», — дейді ІІМ өкілі.

Осы уақыт ішінде күдіктінің құрығына 40-тан астам адам ілінген. «Күдіктінің қылмыстық әрекетінің кесірінен 40-тан астам адам алданған. Материалдық шығынның жалпы көлемі 2 млн теңгеден асады.

Қылмыстық іс сотқа жолданып, сот үкімімен азаматша 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды», — деді Санжар Әділов.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.