Ирландияда түнгі клубтар жабылды, мерекеде әлем бойынша әуе рейстері қысқарды

0 3

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Коронавирустың жаңа шектеулері Солтүстік Ирландия, Уэльс және Шотландияда күшіне енді. Біріккен Корольдіктің үш әкімшілік-саяси бөлімінің билігі түнгі клубтардың жұмысына тыйым салып, бұқаралық іс-шараларды өткізу ережелерін едәуір қатаңдату туралы шешім қабылдады. Әлемдегі авиакомпаниялар рождество мерекеcі кезінде шамамен 5,7 мың рейсті тоқтатты. АҚШ-та тасымалдаушылар Рождество қарсаңында, Рождествода және мерекеден кейінгі күні рейс санын 1,7 мыңға қысқартты. Бұл шектеулер ел ішіндегі рейстерге де, халықаралық бағыттарға да қатысты. Францияда тәулігіне коронавирустың 100 мыңнан астам жағдайы анықталды. Францияның санитариялық билігі елде күніне 105 мыңға жуық инфекция жағдайын тіркеді, бұл пандемия басталғаннан бері антирекордқа айналды. Covid-19 таралуының рекордтық қарқыны бірнеше күн қатарынан байқалды

Leave A Reply

Your email address will not be published.