Кәсіпорын жұмысы оң бағаланды

22

Жуырда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде «Аса-су» КМК жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша тарифті және тарифтік сметасын бекіту туралы келелі басқосу өтті.
Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тұтынушылары қатысты.
Басқосуда «Аса-су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері Сабырхан Абжаппаров салада атқарылған, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.
Баяндаманы байыппен тыңдаған департамент басшысы Ерболат Дүйсенбиев кәсіпорын жұмысын оң бағалады.
Жиын барысы толығымен фейсбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге қосулы болды.

Гүлбаршын СЕЙТҚАЗИЕВА,
«Шұғыла»