Киелі жерлерді аралап, мәдени құндылықтармен танысты

0 26

 

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері өңірдің киелі жерлерін аралап, мәдени құндылықтарымен танысты. Шоқтығы биік, тағлымы бөлек «Тектұрмас» этно-тарихи кешеніне арнайы саяхат жасаған олар қызықты сұхбат жүргізді. Көне дәуірдің көзіндей көрікті өлке туралы сыр шертіп, еркін пікір алмасты. Сондай-ақ, мұнда алған әсерлерімен бөлісті.

Айта кетейік, ежелгі Тараз қаласының төл тарихын толығымен бейнелейтін «Тектұрмас» этно-тарихи кешені Талас өзенінің жоғарғы жағалауындағы «Тектұрмас» тауының биік таулы беткейінің 24 гектар аумағын алып жатыр. Тарихи кешен – Тараз өңіріндегі ортағасырлық түркі елдерінің қасиетті мекенін көрсететін, түркі тарихынан сыр шертетін тарихнама ретінде әрі демалыс орны негізінде халқымыздың рухани жан-дүниесін байытып, туризмді дамыту мақсатында салынған. Ғажайып кешен Тараз қаласының барлық кезеңдерін қамтитын бірнеше архитектуралық құрылымдардан тұрады және сан ғасыр болған тарихи оқиғалардың толық хронологиясын көруге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.