Лайықты құрмет көрсетілді

0 6

Лайықты құрмет көрсетілді

24 мамыр – кадр қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Жалпы, кадр бөлімінің қызметкерлері кез келген мекеме үшін үлкен қазына. Өйткені, олар барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді сараптай отырып, лайықты кадрларды таңдайды. Басшылық оларға күмәнсіз сенеді. Бір сөзбен айтқанда, олар жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы алтын көпір.

Айтулы мерекеге орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жиын өтіп, онда осы бөлімнің қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Басқосуда департамент бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев маман ретінде өзгелерден біліктілікті талап етуге толық құқылы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, лайықты марапаттарын тапсырды.

— Құрметті әріптестер! Біздің басты қазынамыз – қызметкерлер. Ал сол қызметкерлерді таңдауда қадр бөлімі үлкен рөл атқарады. Себебі, кадр барлық мәселені шеше алады. Ендеше, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, — деді Н.Рыспаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.