М.Х.Дулати университетінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

0 12

Бүгін Дулати университетінде Күзет қызметінің қызметшілеріне арналған «Қылмыстық іс-әрекеттерді алдын алу жолдары» бойынша түсіндіру жұмыстары өтті.
Университет қабырғасында қауіпсіздік шараларын күшейту және Күзет қызметінің міндеттерін арттыру мақсатында өткен жиналысқа  Дулати университеті Күзет қызметінің басшысы Ноғаев Өнербек Құлжабайұлы, Тараз қаласы Полиция басқармасы 1-Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Р.Ә.Маханов, Тараз Полиция басқармасы 1-Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры А.С.Байділдаев және Учаскелік полиция инспекторы М.А.Аханов қатысты.

Күзет қызметінің басшысы Ө.Ноғаевтың айтуынша, университет күзетшілері  екі ауысымда қызмет атқарады. Әр ғимаратын екі күзетші, бір аға күзетші күзетеді. Ауысым кезінде ғимаратты аралап, Күзет басшысына есеп беріп, ауысымды тапсырады.

Жиналыс барысында құзырлы органдар Терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднамамен таныстырып, жарылғыш құрылғылардың белгілеріне, ғимаратта терроризм актісі орын алған жағдайда күзетшінің іс-әрекетіне және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуацияландыру жолдарына нақты тоқталды.

Алдағы уақытта университетіміздің Күзет қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларына байланысты оқу-жаттығу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.