«Мамыр-Антитеррор-2021» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілді

0

Ағымдағы жылы 26 мамырда Тараз қаласында «Мамыр-Антитеррор-2021» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілді.

Іс-шара барысында ескерту жүйелерін жетілдіру, штабтың террористік сипаттағы қатерлерге ден қоюға дайындығы, терроризм актісінің салдарын азайту және жою мәселелері пысықталды.

Оқу-жаттығу жұмыстары аясында арнайы жедел топ кепілге алынған адамдарды босату және лаңкестерді бейтараптандыру операциясын өткізді.

Жаттығудың мақсаттары мен міндеттері толығымен орындалды.

Іс-шараға атсалысқан мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлерді ауыздықтау бойынша өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейін көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.