10 көлік соқтығысып жол көлік апаты орын алды

0 12

2022 жылы 15 маусымда сағат түнгі 03:00-де Республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 544-ші шақырымында Тараз қаласы бағытында келе жатқан Scania жүк көлігінің тіркемесі өздігінен жанып кетті. Қатты өрт үлкен аумаққа жайылып, қозғалысқа кедергі келтіргендіктен, көліктердің қозғалысы тоқтатылды.

Одан кейін сағат 03.40-та жанып жатқан тіркемеге 550-600 метр қалғанда DAF жүк көлігінің жүргізушісі келесі бағытта жолда тұрған 10 көлікпен соқтығысты.

Соқтығысқаннан кейін 4 көлік өртенді: DAF жүк көлігі, Van Hol және Audi 2 жолаушылар автобусы

Оқиға салдарынан Toyota Camry көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, 9 адам түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді, оның 3-уі жансақтау бөліміне жатқызылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.